ТІРЕК ПУНКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Еліміздің Ата заңының 1-ші бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Осы  мақсатта Шымкент қаласының Полиция депратаменті учаскелік полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс атқарып келеді. Олар ҚР Ішкі істер министрлігінің №1095 бұйрығына сәйкес қала аумағында орналасқан учаскелік полиция пункттерінің жұмысына бақылау жүргізілді.

Атап айтсақ, учаскелік инспекторлардың кезекші бөлімдермен әрбір сағат сайын байланысқа шығу журналы, халықпен кері байланысы, өз аумағындағы тұрғындарды тіркеу, карантин талабына сәйкес азаматтарды қабылдау кестесі тексерілді. Жалпы Шымкент қаласында 68 учаскелік полиция тірек пункті бар. Оларға күнделікті орта есеппен 6-7 азамат түрлі мәселелермен келіп, арыз-шағымдарын қалдырады. Айта кетейік, мұндай тексеру жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *