«NUR OTAN » ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының праймеризге дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында жиын өтті.  Жиынға партия филиалы басшылығы, саяси кеңес бюросы мүшелері, және аудандық партия филиалы белсенділері «Zoom»  желісінде онлайн форматта қатысты. Мәжіліс барысында  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов алдағы науқан бойынша атқаралып отырған жұмыстарға тоқталды.

17 тамыз бен 3 қазан аралығында еліміз бойынша праймериз өтеді. Осыған байланысты партия мүшелері праймериздің өткізу ережелерін түсіндірді.  Сондай-ақ партия мүшелері жиын барысында  кандидаттарға бірқатар тапсырмалар берді. Және де лидерлік қабілетін көрсете алатын жастарды праймеризге қатысуға шақырды.

Айта кетейік, партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген қазақстандық үміткер бола алады. Егер кандидат партия мүшесі болмаса, ол праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партия қатарына қосыла алады..

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *