ШЫМКЕНТ: ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚШАЛАР ІЛІНУДЕ

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қала аумағындағы 2180 көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берістеріне, лифтілеріне арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар орналастырылуда. Бұл бағыттағы іс-шараларға қаланың еріктілері де өз үлестерін қосып атсалысып отыр.

Осы мақсатта қаланың басты көшелерінде «Бетперде тағыңыз!», «Жақыныңа жанашыр бол!», «Қашықтықты сақтаңыз», «Тазалық қол жуудан басталады» тақырыптарындағы баннерлер ілінді.

Қаладағы қоғамдық көліктердің ішкі-сыртқы беттеріне де індеттен сақтану әдістері туралы әзірленген инфографикалар ілінді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына «Қашықтықты сақтаңыз», «Бетперде тағыңыз» және «Қолды жуып жүріңіз» тақырыптарында түрлі-түсті шарлар таратылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *