ШЫМКЕНТТЕ 13 МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкентте 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың 4-еуі жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланса, тағы 4-еуін жыл соңына дейін іске қосу межесі тұр. Ал, қалған 5 білім ошағының құрылысы келесі жылы ел игілігіне берілмек.

Қыркүйекте есігін айқара ашатын білім ұялары, қаладағы бірнеше жылдан бері жыр болған  №87 мектеп пен №23 мектеп-лицейінің үш аусымды проблемасы шешілмек. Ал, жыл соңында 4 бірдей білім ұясы пайдалануға берілсе 19 үш аусымды мектептің саны 14-ке дейін қысқарады деп жоспарлануда. Айта кетейік, шаһардағы апатты мектептердің саны биыл 2-ден 1-ге азайып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *