Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов кезекті қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолғы қабылдауға 30-ға жуық азамат алдын ала жазылған. Тұрғындырдың басым бөлігі алаяқтық, заңсыз жер телімдері және бос лауазымдық жұмыс орындарына қатысты сауалдарын қойды. Мәселен, қала тұрғыны жалған құжат рәсімдеу арқылы жер телімін заңсыз сатып жіберген күдікті мен сыбайластарының заңды жазалануын сұранды. Ал келесі тұрғын белгісіз біреу қомақты қаржысын жымқырып кеткенін айтып, айыптылардың жазалануын сұрады. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Абай ауданы Полиция басқармасындағы қылмыстық істің барысын Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтен жеке бақылауына алуын өтінді. Жалпы қабылдауға жазылған тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған департамент бастығы өзекті мәселелердің заң аясында шешілетінін жеткізді.