Тәулік сағаттарымен санаспай, өз өмірін қауіп пен қатерге тіге отырып, еліне еңбек ететін өрт сөндірушілер — қоғам қауіпсіздігін қызғыштай қорғайтын нағыз батыл жандар. Солардың бірі Шымкент қаласындағы №2өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Айдынбек Туматов.
1995 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет атқаратын азамттық қорғау подполковнигі Айдынбек Темірбекұлы қазыргі таңда №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
лауазымында. Айдынбек Темірбекұлы Туматов — Шымкент қаласындағы «тілсіз жаумен» күреске ғұмырының 25 жылын арнаған жан. Айдынбек Туматов еңбек жолын №30 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші лауазымынан бастады. Өзінің біліктілігі мен белсендігінің арқасында әрдайым
алдыңғы шептерде көріне білген Айдынбек Туматов 1998 жылы Шымкент қаласындағы оқу өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы болып тағайындалады. «Өрт! Дабыл! Уақыт өлшеулі, бір секунд та қымбат!Дер кезінде сөндірілген өрт ауыр шығынның алдын алады.
Құтқарылған адамдар-басты байлық»-деп білетін, тілсіз жаумен күресте алдына жан салмайтын маман өз қызметін жоғары дәрежеде атқара жүріп, Көкшетау техникалық институтында сырттай оқуын тамамдайды. 2002 жылы-№2 өрт сөндіру бөлімінің аға анықтаушысы, 2003 жылы-№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, 2004 жылы-№1 мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары лауазымдарына тағайындалған ол бүгінде өз ісінің шебері және жас мамандарға өзі тәлімгер болып жүр.А. Туматовты әріптестері, оның өрт
сөндіру кезіндегі әрбір іс-әрекеті үлгі мен өнегеге, тәлім мен тәжірибеге толы екендігін айтады.
“Шын мәнінде, біздің жұмысымыз үздіксіз жаттығудан тұрады. Бір сәтке де босаңсуымызға, бел шешіп демалуға хақымыз жоқ. Олай болған да емес, болмайды да” – деген қағидамен қызмет атқаратын А. Туматов өз қарамағындағы өрт сөндірушілерді үнемі адам мен оның материалдық құндылықтарын құтқару жолында аянбай еңбек етуге баулуда. Осылайша мол тәжірибе мен кәсіби біліктілігінің арқасында үлгілі қызмет атқарып жүрген Айдынбек Темірбекұлы түрлі марапаттарға
ие. Бұл көптеген жылдар бойы еткен еңбектің жемісі.
Міне, құтқару қызметінде жүріп, өз өмірін тәуекелге тіккен осындай талай ардақты азаматтар арамызда бар. Мұндай азаматтардың ерлігі мен кәсібилігін өскелең ұрпаққа насихаттауды ұмыт қалдырмауымыз қажет. Бұл, бірінші кезекте өрт сөндірушілерімізге деген ықылас-құрмет десек, екінші жағынанкелер ұрпақтың құтқарушы болуға деген ниет-ілтипатын оятары анық.
А. Бейсембаев Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі