ӨРТ СӨНДІРУ САЛАСЫНДА БІРНЕШЕ ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ТӘРБИЕЛЕП ШЫҒАРҒАН

Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізіп жүрген Шымкент қаласы мамандандырылған жасақ аға жүргізушісі, азаматтық қорғау прапощигі Кудяров Жандос Қабылович.

Ол азаматтық қорғау саласында 1998 жылдан бастап қызмет атқарады. 1998-2000 аралығында «Химфарм» завотына қарасты №9 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып қызмет жасады. 2000-2006 жылдар аралығында №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші, осы бөлімде 2006-2008 аралығында радиобайланысшылар басшысы, 2008 жылдан қазіргі таңға дейін
мамандандырылған жасақта аға жүргізуші қызметкері болып жұмыс жасайды.

Қызмет атқару кезінде республика көлемінде авариялық-құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан. Атап айтқанда, Ақмола облысы Атбасар қаласында және Қарағанды облыстарында табиғи төтенше жағдайларды жою кезінде өзін үздік көрсете білді.

Жандос Кудяров жасақта ең тәжербиелі, білікті қызметкер. Оның біліктілігінің бір дәлелі ретінде әлемді есеңгіреткен індет кезінде Түркістан облысы Мақтарал ауданында бірнеше елді мекенді су алып, республика көлемінен бөлек өңірлік техногенді төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы өңірде де Жандос Кудяров өзінің нағыз маман екендігін сипаттап берді.

ҚР Ішкі істер министірінің 2020 жылғы 12 маусымындағы №326 бұйрығымен «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен наградалып, ҚР президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша» Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальмен марапатталды.

Өрт сөндіру саласында бірнеше тәлімгерлерді тәрбиелеп шығарған. Алдағы уақытта да білгенін үйретуден шаршамайтынын жеткізді. Ж. Аманкулов  Шымкент қаласы мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі, азаматтық
қорғау майоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *