Үш кемшілік анықталды

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері «Тұран» шағын шағын ауданы инфрақұрылымының құрылысын ( 3-ші көше) сараптамадан өткізді. Нәтиже мынадай….

Құрас Андас — «Жол актвитерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының инженері

-6 дана керн сынамасын алдық. Ауытқулар жоқ. Талапқа сай. Тығыздалу кофициенті мен суға қанығуын лобараторияда анықтайтын боламыз. Сонымен қатар 3 метр рейкамен көлденең еңістер мен саңылауларға өлшеу жүргіздік әр 50 метр сайын. Ол жерде көрініп тұр. Жол жабындысының көлденең еңістігі жобаға сәйкес келмейді. Жобада 20 промилле берілген болса, бұл жерде әр түрлі шығуда. 44/38/24 яғни көп болып тұр.

Жалпы, 3,5 шақырым жол құрылысына 270 млн. теңге қаржы бөлінген. Тапсырыс беруші Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрлымды дамыту басқармасы. Ал мердігер мекеме «Отырабат Құрылыс» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы мекеме: «Ақмол Технадзор» ЖШС-гі. Бір қызығы сараптама жұмысына техникалық қадағалаушы қатыспады. Басы-қасында тұруы тиіс еді. Келмеді. Уақыты жоқ болар. Енді ол бөлек әңгіме…

Сараптама барысында өндіріс журналы, кіріс материалдарын тіркеу журналы, асфальтобетон қоспасын төсеу журналы, өндірісте пайдаланылған материалдар сертификаттары, жасырын жұмыстар актілері көрсетілмеді. Неге? Сұрап білдік.

Мұхит Жапбасбаев — «Отырабат Құрылыс» ЖШС-нің нысан басшысы

Сіз айтып отырған журналдар, өндірісте пайдаланылған материалдардың сертификаттары бар. Бірақ көрсете алмадық. Себебі, жобаның құнына қайта өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Бұл журналдарды алып кетіп еді.

Сараптама қорытындысы бойынша 3 кемшілік анықталды. Кемшіліктер жөнінде тапсырыс беруші Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрлымды дамыту басқармасына «Отырабат Құрылыс» ЖШС мен «Ақмол Технадзор» ЖШС жіберген кемшіліктер мен анықталған ақауларды жою туралы хат жолданды,  деп хабарлайды «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

 

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *