Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы келді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды.

Жанар Әлібекқызы Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. 1999-2003 жылдары Шымкент қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент бөлімшесінде «Саясаттану» мамандағы бойынша білім алған және осы мамандық бойынша магистратураны тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор болып абыройлы қызмет атқарған. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Түлкібас аудны әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Бектаева Жанар Әлібекқызы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қалалық қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және дін істері салаларын қадағалап келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *