Биыл Шымкент қаласындағы 190 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Магистралды және ішкі орам көшелері жалпы саны 167 нысан (308 көше) орташа жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары 163 нысанда (303 көше) жүргізіліп, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілді.
Биыл күрделі жөндеу жұмыстары 3 нысанда жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандары аумағындағы жалпы 17 көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қошқар ата өзенінен өтетін Кремлёвская және Атасу көшелеріндегі 2 көпір күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, көпірлер ел игілігіне пайдалануға берілді.
Ал, сапа қандай?
Жыл басынан бері «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері 196 нысанды сараптамадан өткізді. Нәтижесінде 366 ақаулар мен кемшіліктер анықтады. Бір нәрсені баса айта кеткен жөн. Шымкент қаласының жол құрылысы саласында кеткен ақаулар мен кемшіліктер саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төмендеп отыр.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі