ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

Шымкентте қайтарымсыз гран алып, жаңа бизнес идеяларды іске асырған азаматтар өнімдерінің көрмесі өтті. Маңызды шараға тамақ өнеркәсібі, кондитерлік өнімдер, жиһар өндіру, қызмет көрсету т.б. салалар бойынша тың жобаларды қолға алған кәсіпкерлер қатысып, өнімдерін көпшілікке таныстырды. 

https://youtu.be/y4M61PKaqaY

«Көрме» орталығында ұйымдастырылған іс-шараға 150-ге жуық шағын бизнес өкілдері қатысты. Солардың бірі, Салтанат Дәуренбекова. Мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алған ол, керамикалық ыдыстар шығаруды қолға алыпты. Қазір ай сайын 500 мың теңге табыс тауып отырғанын айтады. Алғысы шексіз.

Салтанат Дәуренбекова – кәсіпкер:
-Маған көмектесті. Басында 1 млн. 200 мыңды өзім шығара алмайтын едім. Ең бірінші қиын болды да. Сол үшін менің алғысым шексіз.

2022 жылы Шымкент қаласында 1195 адам қайтарымсыз грант ұтып алған. Оған 1 млрд. 300 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі көрмеге қойылған отандық өнімдерді тамашалауға қала басшылығыда келді.

Балмаржан Нарбекова –қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:

-Биыл жастарды қолдау мықты қолға алынып жатыр. 2,5 пайызбен 5 жылға кәсіпкерлік бағытта, ауылшаруашылғы бағытында 7 жылға алу мүмкіндігі бар.

Әлеуметтің әлжуаз тобын қолдау шаралары биыл да жалғасын таппақ. Ағымдағы жылы мемлекеттік грантты 447 адамға беру жоспарланып отыр.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *