Шымкент қаласында «2000 мектеп» акциясы бастау алды. Жолшылар №83 мектеп оқушыларымен кездесіп, болашақ талапкерлерге жол құрылысы саласының артықшылықтары мен перспективаларын сипаттап, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
Филиалдың Сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов автожол саласының жағайы туралы дәріс оқып, жоғары сынып оқушыларына жол құрылысы саласының дамуы туралы баяндады.
-«Үш жылдан бері оқушыларға жол –құрылысы саласы туралы бәрін түсіндіріп келеміз. Біздің басты мақсатымыз оқушылардың жолшы мамандығына деген қызығушылығын оятқымыз келеді. Біз болашақ талапкерлерді автожол саласын таңдауға шақырамыз. Өйткені жолшы мамандағы қазіргі таңда ең маңызды мамандықтардың бірі»,- деп атап өтті Ермек Намазов.
Филиал мамандары оқушыларды жолшылардың жұмыс спектіріне қандай мәселелер кіретіндігін, қандай заманауи технологиялар мен жабдықтар бар екендігімен егжей-тегжейлі таныстырды. Оқушылар жолшылардың жұмысына қызығушылық танытып, жалақы туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.