«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы студенттерге арналған ерекше шара өткізді. Жол құрылысы саласының болашақ мамандары өздерінің өндірістік тәжербие өтетін мекемеде болып, ондағы заманауи қондырғылармен танысты.
Орталық мамандар Шымкент жол-көлік колледж студенттеріне мекеменің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Зертхана қондырғылары таныстырылды.Әсіресе заманауи жабдықтарға көп көңіл бөлінді.
Ернарбек Мамет — Ұлттық сапа орталығы ШҚ филиалының сарапшысы:
—Бүгін студентер жол құрылысы саласының қыр-сырымен танысып, көзбен көріп көптеген ақпарат алды деп ойлаймын. Көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Кейде студенттер тарапынан «ертең біз жұмыссыз қалмаймыз ба»? деп сұрап жатыр. Кездесуде осы сұрақ жиі қойылды. Әрине жастар өз келешегі үшін алаңдайды. Мен айтар едім. Жол құрылысы саласынды білікті, білімді маман тапшылығы бар. Сол себепті алаңдамаса болады. Біздің бұл істеріміздің мақсаты жақсы білімді, білікті маман тарту.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент жол-көлік колледжі арасында меморандумға қол қойылған. Соған сай студенттер жылына екі рет филиал зертханасында ұйымдастырылатын «Ашық есік» күніне келіп, зертхана жұмысы және жаңа техникамен танысады. Үш жыл ішінде бірнеше колледжің студенті филиалда еңбекақы төленетін тәжірибиеден өтті.
Акция әрі қарай жалғасады. Енді, «2000 мектеп» деп аталатын акция талай түлектің жаңа өмірге жолдама алып, қажетті мамандықты дұрыс таңдауы кезінде жол бағдар болмақ.
Нұрлан Әлімбаев