«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық » Оқу-жаттығу» лагерлік жиыны өтті. Оған Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 12 мектептен 100 ден аса жас сарбаздар қатысты.
Әскери-патриоттық » Оқу-жаттығу» лагерлік жиыны тау бөктерінде, нақтырақ айтсақ «Машат» шатқалында ұйымдастырылды. 2 күнге жалғасқан әскери-патриоттық сайыста 7 мен 8 сынып арасындағы оқушылар кермеге тартылу, арқаға жатып денені көтеру, арқан тарту, садақ ату, 100 метрге жүгіру, АК-74 оқулық автоматын уақытқа бөлшектеу және жинақтау сынды спорттың 6 түрінен бақ сынады.
Ереже бойынша әр командада 5 ұл 2 қыз өз мектептерінің намысын қорғады. Биыл екінші рет өтіп жатқан сайыстың өткен жылғы жарыстан ерекшелігі садақ ату спорты сайыс қатарына қосылғандығы.
РОЛАН ҚОНЫСБАЕВ- «ЖАС САРБАЗ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
-Жастарымыздың әскерге деген көзқарасы басқаша болып кетті ғой. Әсерден қашу көбейіп кетті. Біздің мақсатымыз алдын ала оқушыларды үйрету. Әркери өмірді көрген жастарымыз ертең әскерге барғанда қиналмайтын болады. Өздерін әскери өмірге арнайтын болса да, жастайынан тәрбиеленіп, біліп, тоқып шығады.
Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Айта кетейік, мегаполистегі білім беру мекемелерінде жас сарбаздар сыныбы 21 мектепте қолға алынған.
Bozyq.kz
1240 символ