ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Үшінші мегаполисте  үш ауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешілетін болды. Жаңа оқу жылында қалада бірнеше білім ұясы іске қосылады. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мектептердің жанынан қосымша ғимараттар салынып, қолданысқа беріледі.

Шымкентте үш ауысымда білім беретін үш мектеп бар –тын. Бұл сол үшеудің бірі — №65 мектеп-гимназиясы. 1250 орынға лайықталған нысанда, 3,5 мың оқушы білім алуға мәжбүр болды. Бүгінде ол мәселе шешілді. Білім ошағы жаңа оқу жылын жаңа форматта бастағалы тұр.
ЕРКЕБҰЛАН ӨТЕГЕНОВ- №65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бала санының көптігіне байланысты 3 мыңнана стам бала оқыды. Соған байланысты үш ауысымда жұмыс жасадық. Қазіргі атңда ол мәселе шешілді. Биылғы оқу жылында біз 2 ауысымда, жүйеде жұмыс жасайтын боламыз.

Мегаполисте 223 мектеп бар. 243 мың бала тіркелген. Жаңа оқу жылында қалада бірнеше білім ұясы іске қосылады. Өңірде апатты немесе үш ауысымды мектеп мәселесі түбегейлі шешелді.


ӘЛІШ РЫСКЕЛДІ – ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Қазір Шымкентте барлық мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қосымша ғимараттар салынуда. Сондықтан биылғы оқу жылында үш ауысым болмайды. Бізде Үш ауысыммен оқитын 3 мектеп, қазір мәселе шешілді.
Шаһарда жылына 34 мың, ал әр 15 минут сайын бірі бала жарық дүние есігін ашады. Былтыр бірінші сыныпқа 28 мың оқушы қабылданды. Бұл цифр өспесе, кемімейтіні анық. Сол себепті, ұзақмерзімді стратегиялық жоспар әзірленіп, қолға алынды дейді мамандар.

Bozyq.kz

1250 символ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *