Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын. Бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстарды ширатуды тапсырған еді. Бұл ретте үшінші мегаполис, Шымкент — көптеген спорттық шараларды қолға алды. Құлақ естіп, көз көргеннің бірі — «Базар жастар лигасы» турнирі.
Жалпы, «Базар жастар лигасы» турнирі — халықаралық жастар күні қарсаңында бастау алды. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен бастау алған спорттық сайысқа базар және сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түскен екен. Сол себепті 2 аптаға созылды. Бүгін байқау мәресіне жетті. Турнир екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — ұлдар арасында футболдан, екінші кезең — қыздар арасында волейболдан өтті.
Спорттық сайыс ережесіне сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталды. Атап айтқанда, «Барыс», «Тұлпар», «Авто-Нұр», «Айна, Жібек» жолы, «Алаш», «Акбар», «Көне қала», «Пионер», «Орталық қырғы» базарлары мен «Технодом», «Evrika», «Магнум», «Мечта», «Sulpak», «Север» сауда орталығы. Әр команда өзінің формаларымен ерекшеленді. Қатысушылар сайысқа 2 ай бойы арнайы тренерлердің көмегімен дайындалған.
Турнир ұлдар арасында кіші футболдан 8 тамыз күні басталып, I-орын-«Акбар» базар, II-орын-«Көне қала» базары, III-орын-«Барыс» базары иеленсе, екінші кезеңі қыздар арасында 16 тамыз күні өтіп, I-орын-«Sulpak» базар, II-орын-«Магнум» базары, III-орын-«Тұлпар» базары иеленді.
Сондай-ақ, үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы мен үздік байланыстырушы, үздік шабуылдаушы, үздік қорғаушы анықталды. Анықталып ғана қойған жоқ, марапатталды.
Жеңімпаз барша командаларға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Мұратжан Шотановтың атынан арнайы дипломдар, кубокпен қатар, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, «Базар жастар лигасы» турнирінің басты мақсаты сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану және жастар арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады.
Bozyq.kz
1770 символ