Шымкент жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда, екі жолайрықтың яғни, Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазір Бәйдібек би даңғылы- Арғынбеков көшелері қиылысында жолайрық құрылысы жүргізілуде.
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылыс барысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр. Жол 6 жолақты болады.
Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.
Осы жылы Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталған кезде көлік қарқындығы 15000 көлік/тәулігінен 45000 көлік/тәулігіне ұлғайады.
Ал, Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жолайрық пен Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы екі жолайрықтың бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.