МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Қала әкімі М.Әйтенов арнайы жиын өткізді. Жиында қаланың  алдағы жылу маусымына дайындық шараларын пысықтап, өзекті мәселелердің шешімін қарастырды. Тоқ етерін айтсақ, қаладағы жылу қазандықтары 83 пайызы қысқы маусымға дайын.

— Қазір қала аумағында бөлек орналасқан 23 жылу қазандығының 19-ы қысқы маусымға дайын. Қалған қазандықтар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар кестеге сәйкес,15 қыркүйегіне дейін толық аяқталады. Орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясының 13-ы дайын, қалғанында тиісті шаралар жалғасуда, -деп атап өтті сала мамандары.

М.Дүйсенбекұлы былтырғы қыстың тым қатал болғандығын ескере отырып, кемшіліктерді болдырмауды назарға алу қажеттігін атап өтті. Сондықтан жылу маусымына дайындықты барынша күшейтіп, қажетті шаралардың барлығын мерзімінде орындауда нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін жылу құбырлары жүргізілген аумақтарды дер кезінде қалпына келтіруді тапсырды. Өзекті мәселелелер туындаған көпқабатты тұрғын үйлерге басымдық беріп, ішкі жүйелерді қалпына келтіру бойынша тұрғындардың жауапкершілігін арттыруда шаралар қабылдауды ескертті.

Жиында қала әкімі жиында ешкімнің басынан сыйпамады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековке жұмысты үйлестіруде салғырттық танытқаны үшін сөгіс берді. Жауаптыларға қала аумағындағы барлық мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйелері мен қазандықтардың қысқа дайындығын тездету және жұмыстарды сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *