ҚАЛА АКТИВІНЕ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жаңа бастығы қала активіне таныстырылды. Осы мақсатта қаламызға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов арнайы келді. Полиция департаментінің басшылығына Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды. Ол осыған дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болған.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастаған. Ал, осыған дейін Шымкентте Полиция департаментін басқарған Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков Алматы және Жетісу облыстары Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығына ұсынылып отыр.

Қала әкімі Думан Әшкенұлын жаңа қызметімен құттықтап, қаланы қауіпсіз етуде бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Ішкі істер министрі мегаполисте қылмыстық ақуал тұрақты екеніне тоқталды. Тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлерінің бірлескен шараларының нәтижесінде жалпы қылмыстар саны биыл 33 пайызға азайған. Ұрлық, тонау, кісі өлімі, адам денсаулығына ауыр зардап келтіруге қатысты қылмыс түрлерінің де едәуір азайып отырғаны байқалады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *