Журналистердің мерейі үстем болды

Шымкенттегі Түркістан сарайында 30-тамыз — Қазақстан Республикасының конституциясы күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов және зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов жиылған жұртты жалпыхалықтық мерекемен құттықтады. Мереке қарсаңында сан саланың үздіктерін марапатталды. Бұл жиында арқалағаны алтын, жегені жантақ журналистердің мерейі үстем болды. «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыров пен «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *