Әдеп жөніндегі кеңесте кімдерге «қамшы» тиді?

Түркістан облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 10 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралды. Тәртібі қаралған тұлғалардың қатарында аудан әкімі мен әкім орынбасары және түрлі бөлім басшылары бар. Олар кімдер? Атын атап, түсін түстеп көрейік.

Самайына «қамшы» тиген азаматтың бірі — Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Полатов Ғабит Жамантаевич. Кейіпкеріміз аудандық қазыналық меншік болып табылатын тұрғын үйді жеке тұлғаға сатқан және мемлекеттік сатып алу барысында әлеуетті өнім берушілерді заңсыз шеттетіп, мемлекеттік қызметке кір келтірген. Ғабит Полатовка қатысты «мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік қызмет болмаған жағдайда қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Ал, Әдеп кодексі талаптарын сақтамағандардың қатарында «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібін қадағаламағаны және аудан әкімдігі жанындағы кеңесші органның жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін Кентау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Асылбек Дауырхан Сеилбекұлы «қатаң сөгіс» естіді. Кентау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-заңгері Жайықбеков Болысбек Бақытбекұлы да «қатаң сөгіс» алды. Кеңес мүшелері Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ерлан Құрбанқожаевтің де басын сипамады. Ерлан Құрбанқожаев алдына келген азаматқа сыпайылық танытпаған көрінеді. Кейіпкеріміз қызмет орнында орынсыз әрекет еткенін мойындап отыр. Сөйтіп, кеңес мүшелері оған «сөгіс», түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзғаны үшін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұсаев Тәжібек Калмановичке және сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша тиісті шаралар атқармағаны үшін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Усенбаев Ғалымжан Қарабаевичке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды. Қысқасы, 10 шенеунікке де «қамшы» тиді.

BOZYQ.KZ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *