Былтырғы жылы Қазақстан 90,3 миллион тонна мұнай өндірген. Энергетика министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы бұл көрсеткіш 89 миллион тоннаға азаяды. Бірақ бұған қарамастан Қазақстан әлем бойынша мұнай өндіруші топ-20 елдің қатарына кіреді. Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығының мәліметінше, 2018 жылы әлемдік мұнайдың АҚШ — 16%, Сауд Арабиясы – 13%, Ресей -12%, Канада – 6%, Иран – 5%, Ирак – 5%, Қытай – 4%, Кувейт – 3%, Бразилия – 3%, Мексика – 2%, Нигерия – 2%, Қазақстан – 2% өндірген. Жыл басынан бері елімізде 7,8 миллион тонна (1,96 млн баррель) мұнай өндірген. Мұнай өндіру бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында.
«The Qazaq Times»