2019 жылдың 2 қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға 66 242 отбасынан өтініштер түскен. Бүгінгі күнге 53 242-і қаралып, 45 684 отбасыға жәрдемақы тағайындалған. 7548 өтініш (16,5%) кері қайтарылған.
Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,7 есеге артқан. Көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылуға жататын 23 637 адыммен әлеуметтік келісім шарттар толық (100) түзілген.
Олардың 5 633-і жұмысқа орналастырылған (өздігінен жұмысқа орналасқандар – 4 632, жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқаны 1001 адам).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 7 424 отбасының табысын жасырғандығы анықталып, 2 149 отбасыға тағайындалған төлемдер толық тоқтатылды деп хабарлайды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы. Бүгінгі таңда 3 отбасы 828 392 теңгені өз еркімен бюджетке қайтарған. 268 отбасыға хабарландырулар таратылған.
5 275 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 252 отбасының төлемдері қайта есептеліп тағайындалған соммасы кемітілді.
Сонымен қатар, аудандарда өңірлік комиссиялар құрылып атаулы әлеуметтік көмек алушыларды үйме-үй аралап, табыстарын қайта қарау жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда 3012 отбасының табыстары қайта тексеріліп, 849-ның әлеуметтік көмекке мұқтаж еместігі анықталған. Төлемдер тоқтатылып, тағайындалған сома 223,5 млн теңгеге кеміген.
BOZYQ.KZ