ФУТБОЛ: «ОРДАБАСЫ» ӨЗ АЛАҢЫНДА «МАҚТАРАЛДЫ» ҚАБЫЛДАДЫ-МАҚТАРАЛ

Футболдан премьерлига командаларының кейінге қалдырылған ойындары өткізілді. «Ордабасы» өз алаңында Түркістан облысының Мақтаарал командасымен өзара дерби өткізді. Алаң иелері маңызды деген жеңіске жетті. Жеңіс голын өзбекстандық футболшы Бобир Абдихоликов салды.

Футболдан ел чемпионатының аяқталуына 3 тур қалды. Бас жүлде үшін еліміздің мықты үш командасы  таласып жатыр. Олардың қатарында Астана, Ақтөбемен бірге  көш басында келе жатқан шымкенттің Ордабасы командасы бар. “Ордабасы” өзінің оңтүстіктегі қарсыласы “Мақтааралмен” кейінге қалдырылған 18 турын өткізді. Мақтаарал командасы биылғы маусымды қиындықпен өткізіп қауіпті аймақта қалып қойған еді. Кейіннен команданың бас бапкерін ауыстырып жастар құрамасын баптап жүрген Қайрат Нұрдаулетовті тағайындаған болатын. Білікті бапкер команданы орнынан тұрғызып қауіпті аймақтан алып шықты. Өзі ең үздік бапкер атанды. Ал Ордабасы өзінің соңғы ойындарын жеңіліспен  өткізіп жанкүйерін жерге қаратып жүр еді. Матч аса тартыспен алма кезек шабуылмен басталды. Жанкүйерлердің жалынды қолдауының арқасында «Ордабасы» маңызды деген гол салуға қол жеткізді. Василевтің сол қанаттан жасаған кезекті шабуылын әрмен жалғаған Бобир Абдиқоликов айып алаңының сыртынан теуіп қақпашы Никита Калмыковты қапы қалдырды. Есеп 1-0

Дей тұрғанмен осы футболшылардың шеберлігі өткен ойында керек болған еді. Түрлі себептермен бас бапкер бұл ойыншыларды бірден алаңға шығармады. Чемпионаттың үздік ойыншысы болып танылып келе жатқан команда капитаны Асқат Тағыберген бастаған алаң иелері осы есепті ойын соңына денйін сақтап қалды. Ал Астана осы күні өз алаңында Оқжетпесті қабылдап 5-2 есебімен жеңіп алтынға деген үмітін үзген жоқ. Енді үш ойын қалды. «Ордбасы» осы үшеуінде жеңіске жетсе өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионаты атанады.  Оның бірі сырт алаңда Жетысумен, одан өз алаңында Шахтерді қабылдайды.  Және ең шешуші матч Ақтау қаласында Каспиймен өтеді. Сәттілік серік болсын!

Илияс Жолдас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *