Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып генерал-майор Қуанар Базарбаев тағайындалды. Генерал-майор Қуанар Базарбаев еңбек жолын 1992 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы ІІД «НЗ» қоймасының қатардағы өрт сөндірушісі болып бастаған. Бұған дейін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.
Қуанар Базарбаев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері»мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызметін өрт сөндірушіден бастады. Әрі қарай инспектор, өрт сөндіру кезекші қызметінің басшысы, өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы. 2015-2020 жылдары-Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің бастығы, 2020-2023 жылдары-Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
Вице-министр Бауыржан Сыздықов Қуанар Базарбаевты тағайындалуымен құттықтап, мегаполис тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстардың күшейтілгенін атап өтті.