Ату спортынан Қазақстан құрама командасы 10 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль (нысана көздеу – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола; стенд ату – 2 алтын, 3 қола).
Стенд атудан Қазақстан Республикасының құрама командасы келесі нәтижелерді көрсетті:
Әйелдер құрамасы «скит» жаттығуы бойынша командалық есепте Зоя Кравченко мен Ольга Панарина (Шымкент қ.), Әсем Орынбай (Алматы облысы) құрамында алтын медаль жеңіп алды.
Мария Дмитриенко (Шымкент қ.) әйелдер арасында «трап» жаттығуларының жеке есебінде қола медаль жеңіп алды.
Командалық есепте әйелдер құрама командасы «трап» жаттығуы бойынша Мария Дмитриенко мен Анастасия Прилепина (Шымкент қ.), Айжан Досмағамбетова (Қызылорда облысы) құрамында қола медаль жеңіп алды.
Әсем Орынбай(Алматы облысы) әйелдер арасында «скит» жаттығуларында жеке есебінде қола медаль жеңіп алды.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко (Алматы облысы) жұптық «скит-микс» жаттығуда қола медальға қол жеткізді.
Нысана көздеу бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы келесі нәтижелерді көрсетті:
Ирназарова Зухра (Шымкент қ.) «ВП-12» жаттығуы бойынша жеке есепте алтын медаль жеңіп алды.
«ВП-12» командалық сынағында әйелдер құрама командасы күміс медальға ие болды: Ирназарова Зухра және Ирназарова Фатима (Шымкент қ.), Сәдуақасова Александра (Алматы қ.).
«ВП-11А» жаттығуы бойынша командалық есепте ерлер құрамасы күміс медальға ие болды: Худяков Андрей және Назиркульев Асадбек (Шымкент қ.), Ибраев Бахтияр (Алматы қ.).
Никита Чирюкин (Шымкент қ.) «МП-8» жаттығуының жеке есебінде қола медаль жеңіп алды.
Ле Александра мен Ислам Сатпаев (Алматы қ.) жұптық «ВП-Микс» жаттығуда қола медальға ие болды.
2023 жылғы 23 қыркүйектен 2 қазанға дейін Ханчжоу қаласында (Қытай) XIX-шы жазғы Азия ойындары өтті, Азияның 45 елінен 1000-нан астам атқыштар спорттың ату түрлерінен құрлықтық жарыстарға қатысты.
Қазақстан құрама командасының атынан 33 атқыш (12-стенд ату, 21 – нысана көздеу)
Жалпы командалық есепте ату спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командасы 45 ел арасында 3-ші орынды иеленді.