Азия ойындарының кезекті жүлдегерлері елге оралды. Каноэде ескек есуден жеңімпаз атанған шымкенттік спортшыларды әуежайдан спорт жанашырлары мен жақындары сән салтанатпен күтіп алды.
Азия ойындарында каноэде ескек есуден 500 метрге жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров қарсыластарынан озық шығып, ел қоржынына алтын медаль салған еді. Командалық, жүйелі әрекеттің арқасында 500 метрді 1 минут 49 секундта бағындырып, бірінші келді.
— Қала әкімдігіне зор алғыс айтқым келіп тұр, себебі біздің спортқа, байдарка мен каноэға үлкен қолдау көрсетіп келе жатыр. Басқарма мен федерация басшылығына, спорт мектебінің директорына, барша қолдаушыларымызға зор алғысымды білдіремін,- дейді Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Емельянов.
Биыл жастар арасында әлем чемпионы атанған Руфина Искакова ересектер арасындағы сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Алда тағы да жарыс жолына шығатын спортшыларымыз бар, – деді Бауыржан Тұманбаев.
— Мен бұл спортқа кездейсоқ келдім, басында жүзумен айналысып жүрген едім. Жаттықтырушым осы спорт бойынша команда құрып жатқанын айтып, құрамаға алды. Сондан бері, яғни 13 жасымнан бері каноэде есумен айналысып келе жатырмын. Бұл менің алғашқы Азиадам ,- дейді Азия ойындарының күміс жүлдегері Руфина Искакова.
Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ескек есу және су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрғазы Бұхарбаев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі
Айта кетейік, Азиада ойындарына аттанған Қазақстан құрамасының арасында шымкенттік 67 спортшы бар. Бүгінде олар ел қоржынына 3 алтын 7 күміс 9 қола медаль салып үлгерді.