Каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді салды.
Жергілікті чемпион әйелдер арасында +68 келі салмақтағы ақтық айқаста Софья мен Арика Гурунгпен күш сынасты. Жекпе-жек басталғаннан ширақ қимылдаған Софья Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 3-0.
Азия ойындарының чемпионы София Берульцова финалдық жекпе-жегінен кейін өз эмоциясымен бөлісті. «Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі»,-деді Азия ойындарының чемпионы Софья Берульцева.
Софья Берульцева -каратэден Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері, Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі.
Каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Азия Чемпионтының үш дүркін жеңімпазы (2016 Индонезия,-2017жж Алматы қ, Малайзия 2023 ж.) және екі дүркін күміс жүлдегері (2019ж Ташкент қ. (Өзбекстан), 2021ж. Алматы қ);
Тенерифе /Испания/ қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017ж);
2021 жылы Дубай қаласында өткен Әлем Чемпионатының қола жүлдегері.
2021 жылы каратэден Токио қаласында (Жапония) өткен ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері.
2022 жылы Бирмингем қ. (АҚШ) өткен ХІ Дүниежүзілік Ойындарының жеңімпазы.
2022 жылы Конья қ. (Түркия) өткен Ислам Ынтымақтастығы Ойындарының жеңімпазы.
Сондай-ақ, Премьер Лига рейтингтік Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Жазғы Азия ойындарында бабы мен бағы қатар шапқан Софья Берульцева – Азия ойындарының чемпионы атанды.
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 68 медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынында 9 алтын, 18 күміс және 41 қола жүлде бар. Қыркүйек айының 22-сі күні басталған Азия ойындары ертең аяқталады.