ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Еңбек қызметін Қызылорда қ. Ә. Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2001-2003 жылдары –  Қызылордар қ.           П. Осипенко атындағы № 8 отра мектебінде тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек қызметін 2004 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет минситірлігінің жастар саясаты департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының білім және ғылым минситірлігінің жастар саясаты департаментінің жетекші, бас маманы.

2008-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының білім және ғылым минситірлігінің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің жекетші, бас маманы, эксперт, бас эксперт, басқарма басшысы, директордың орынбасары.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым минситірлігінің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының қызметін атқарған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *