ШЫМКЕНТТЕ 5G ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН 72 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкентте 5g технологиясымен 72 базалық станция орнатылды.  Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлі мәлімдеді.

«Шымкентте «Kcell» АҚ тарапынан 5-G технологиясымен 72 базалық станция, ал 4-G технологиясымен 61 станция орнатылған. Сондай-ақ 60 станцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

«2023 жылы интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Шалғайда орналасқан елді мекендер мен шағын аудандарды сапалы интернет желісімен қамту үшін басқарма тарапынан мобильді байланыс операторларымен бірлесе 2022 жылы интернет сапасы төмен 14 нүктеге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнату жұмыстарын жүргізді. Олар: Асар, Мартөбе, Бадам, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Достық, Ақтас, Ақжайық елді мекендері», — деді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлі.

Биыл интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарлап, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу мен инвесторлар тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Олар: Құрсай, Сәуле, Қызылжар, Құрсай (Агроферма), Орманшы, Қайнарбұлақ (саяжай) Ынтымақ-1, Оңтүстік, Қарабастау, Асар-2, Қайнарбұлақ (саяжай), Қайнарбұлақ (саяжай), Нұршуақ, Бозарық (саяжай аумағы), Береке, Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс) Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс), Достық, Игілік, Тұран, Достық (жаңақұрылыс), Пахтакор, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Наурыз, Достық (жаңақұрылыс), Асар-2, Пахтакор. Жыл соңына дейін аталған нүктелерде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.

Бұдан өзге, жеке инвесторлар қарастырылып қаладан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізіліп, тізімі бекітілілді. Оның ішінде 14 елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілді. Олар: Қайнарбұлақ саяжай аумағы, Нұршуақ, Бозарық, Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2, Оңтүстік е/м, Кіші Самал, 112-Орам, Карл-Маркс, Тассай бөлімшесі, Тараз, Шапағат, Наурыз және Мирас.

Сондай-ақ қалған 6 елді мекенге оптика желісін жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтар алынуда. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 210 000-ға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *