Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand» қонақүйінде өрт шықты. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған,-дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов. Алдын ала берілген міндеттерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі 1400 шаршы метр. Күйік шалған бірнеше адам жергілікті ауруханаға жеткізілген. Алғашқы мәлімет 18:05- да түскен. Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі