ШЫМКЕНТ: ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Шымкенттегі Орталық саябақта 25 қазан – Республика күніне орай «Fitness park kz» жобасы аясында «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық сайыс өтті. Ондағы негізгі мақсат- жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын ояту, достық сезімін тәрбиелеу, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

⁣⁣Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қала тұрғындары арасынан он команда қатысып, өзара бақ сынады.  ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀— Қимыл мен ептілікті жетілдіретін спорттық жарысқа «Достық», «Жігер», «Қазақ арландары», «Әскер», «Жалын», «Заңғар», «Алаш», «Алау», «Арыстан», «Бірлік» тобынан құралған жанұя қатысты. Талап бойынша бір топта төрт адам болды. Сайыс – шармен секіру, су тасу, кір қыстырғыш жинау, жұмыртқаны жарып алма, көңілді доптар, қаппен секіру, орныңнан тұрып ұзындыққа секіру ойындарынан құралған. Тапқырлық танытып, ептілік көрсете білген команданы қазылар алқасы бағалады, – деді Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданындағы бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбай. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀Байқаудың қорындысы бойынша «Қазақ арландары» командасы жеңімпаз атанып, жүз мың теңгелік сыйлыққа ие болды. Екінші орынды «Достық» жанұясы алса, үшінші орын «Арыстан» тобына бұйырды. Одан бөлек, барлық команда арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *