Индияның тұрғыны мүйізін кестірді

Индияның тұрғыны мүйізін кестірді. Оның басына “Шайтанның мүйізі” деп аталған 10 сантиметрдей болған мүйіз шыққан. Бес жыл бұрын ол басын ұрып алған екен. Кейін мүйіз шыға бастаған. Бұл туралы шетелдік басылымдар жазып жатыр.

74 жастағы Шьям Лал Ядав шаштаразшыларға шашын қысқартып жүре берген. Кейін ақыры хирургтардан жәрдем сұрап келген. Индияның Сагар шаһарының дәрігерлері Ядавтың мүйізін кесіп тастады. Қазір ол айығып келеді. Бірақ қайта өсіп шығуы мүмкіндігі бар екен.

Құранда “шайтанның мүйізі” деп те аталған мұндай мүйіздің пайда болуының себебі әзірге белгісіз. Бірақ, радиациядан және күн нұрынан пайда болуы мүмкін деп те айтылып жатыр.

NazarNews.kg

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *