Түркістан қаласында бірер күн бұрын бір қонақүй қызыл жалынға оранған еді. Бүгін Түркістан қаласында орналасқан «Яассы» кешенінде өрт шықты. Бұл жолы да оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тек кәсіпкер ғана сан соғып отыр. Алғашқы мәліметтер бойынша жарақат алған азаматтар да анықталмаған. Төтенше жағдайлар департаментіне алғашқы хабарлама сағат 11.01-де түскен. 11.34 өрттің беті қайтарылған. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкелерінің көмегімен қонақ үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 10 адам өздігінен шыққан. Оқиға орнында 5 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр. 29 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Қонақ үйдің жалпы көлемі 2700 м2, өрт 150 шаршы метр аумақты алған. Соңғы мәліметтерге сенсек өрт 11.52-де толығымен өшірілген. Қазіргі таңда тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда,- деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қош. Енді, Түркістанда тағы қандай қонақүй өртенуі мүмкін? Тілсіз жаудың шығу себептері анықталар. Күтейік.
BOZYQ.KZ