«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі басталды. Мұнда химия, машина, тамақ жасау, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, ойыншық, агро өнім, құрылыс материалдары мен су сүзгілерін шығаратын басқа да жалпы 70-тен астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып отыр.

Көрменің ашылу салтанатына қала басшысы Ғабит Сыздықбеков қатысып, Шымкенттен шығатын өнім түрлерімен танысып шықты.

-Біздің мақсат — Шымкент қаласының халқын өзімізде өндірілетін өнімдермен таныстыру, екіншіден өзімізде осы өнімдерді қарап, әр өндіруші кәсіпорын иесімен сөйлесіп, қандай мәселелер барын талқылап, шешу жолдарын ойластыратын боламыз,-дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов.

Мегаполисте жұмыс істеп тұрған екі мыңға жуық өнеркәсіп бар, оның 69 ірі және орта өндіріс ошақтарына жатады. Қаладағы кәсіпорындардың 80% өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда. Көрмеге қойылғандардың арасында «Рахат-Шымкент» ЖШС, «ВИЗиТ» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «КазИталКожа» ЖШС, «Medcomfort», «Viva Mebel» ЖШС, «ECOPHARM Family Group» ЖШС, «Вакуматик» ЖШС, «Спектр», «Danico» тігін цехы, «Amanat Eco Group» ЖШС және басқа қаланың танымал компаниялары да бар.

Бұл стендта көрсетілген монитор аппараттары, ЭКГ, ИВЛ аппараттары, бұның бәрі Шымкент қаласында өндірілген. Меджабдықтар мен техникалар сұраныс болған соң елімізді экономикалық жағынан көтеру үшін басталды.  Бағасы 100 мыңнан басталады 200 млн-ға дейін барады. Жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін өткізу біз үшін де, халық үшін де пайдалы,— дейді «QMP QazMedPribor» ЖШС директоры Қаныбек Қанатбекұлы.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — жергілікті тауар өндірушілерін қолдау, оларды халыққа кеңінен таныстыру және тауарлардың өткізу нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру. Шымкент өнімдері қойылған көрме екі күнге созылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *