Шымкент қаласында Жеңіл атлетика спорт кешенінде академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир аяқталды. Биыл 29- рет ұйымдастырылған жарыста еліміздің барлық өңірінен және Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан, жалпы 240 спортшы бағын сынады.
Сайыстың ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов шаһарда грек-рим күресі қарқынды дамып келе жатқанын, спортшыларға жағдай жасауда жүйелі жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.
Үш күн бойына жалғасқан жарыс қорытындысында алаң иелері, шымкенттік балуандар топ жарды.Атап айтқанда, 60 келі салмақта — Ердаулет Ләсім жеңіс тұғырына көтерілді. 63 келі салмақта- Мухамедали Мамурбек қарсылас шақ келтірмеді.77 келі салмақ дәрежесінде — Омар Сатоевқа тең келер балуан болмады. 130 келі тартатын аса ауыр салмақта білікті бапкер Мардан Баймұрзаұлының өз шәкірті, төрт дүркін әлем кубогының жеңімпазы, ҚРЕСЖ Бисолт Дециевтің тәрбиелеген шәкірті Әлімхан Сыздықов турнирдің жеңімпазы атанды.
Қырғызстанның бір балуаны жеңіске жетсе,Өзбекстаннан келген 2 балуан еліне алтын алып қайтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалай сыйлықтар тапсырылды.Оны жарысты өткізуші Шымкент қалалық №15 жепе-жек түрлерінен олимпиада мектебінің директоры Ермек Байдуашев пен қалалық күрес түрлері федерациясының президенті Марат Марданұлы тапсырды.
Келесі жылы турнирдің өтіп келе жатқанына 30 жыл толады. Мерейлі мерекені атына сай етіп, кең көлемде өткізу жоспарланып отыр.