201 ОТБАСЫҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 201 отбасыға 1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты берілді, деп хабарлайды Bozyq.kz.

Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 97 көпбалалы отбасы, 16 толық емес отбасы, 84 ерекше бала асыраушы отбасы, 4 бюджеттік ұйым қызметкері бар. Тұрғын үй сертификатына өтінімдерді www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдау жалғасуда. Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алған соң, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 013 азамат тіркелген, оның ішінде:

— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 962;

— көпбалалы отбасылар – 11 923;

— халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 613;

— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 19 486;

— жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 29.

Айта кету керек, 2022 жылы  Шымкент қаласы бойынша  2881 пәтер берілген болса, оның шінде:

748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;

857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын.

1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша  несие негізінде берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *