№2 ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА 4590 БАЛА ҚОСЫМША БІЛІМ АЛУДА

Шымкенттегі «№2 Оқушылар сарайы» ағымдағы жылдың 25 шілдесінде пайдалануға берілген болатын. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар сарайы  балалардың қабілетін шыңдап, талант көзін ашып, ой-өрісін дамытатын болады. Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді.
Бүгінгі таңда, оқушылар сарайында 6 бағыт бойынша 65 үйірмеге 4590 бала қатысуда. Атап айтқанда;
1. Көркем- эстетика бағыты — қыш өнері, қол өнері, ағаш өңдеу, бейнелеу;
2. Музыка бағыты: вокал, фортепьяно, қыл қобыз, прима қобыз, жетіген, гитара, домбыра, баян, скрипка, саксафон, флейта, барабан, драма, қуыршақ театры;
3. Гуманитарлық бағыт бойынша – журналистика, шешендік өнер, дебат өнері, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, кітап оқуға баулу, поэзия және проза, жас ақын;
4. Ғылыми-техникалық бағыт – экология, КИП автоматика, гидропоника, 3Д модельдеу, ІТ программалау, физика, химия, биотехнология, бағдарламалау, КИП және автоматика;
5. Психологиялық бағыт – логопед, дефектолог, сенсорлық кабинет;
6. Спорт және сауықтыру — еркін күрес, греко-рим күресі, дзю-до, қазақша күрес, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, кикбоксинг, бокс, каратэ, таеквандо, фитнес, бассейн.
№2 Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысу үшін құжаттар қабылдау Mindal24.kz электронды порталы арқылы жүзеге асырылады.
— Аз ғана уақыттың ішінде біздің 11 оқушымыз республикалық жарыстардан бас жүлде алып келсе, 16 оқушымыз 1-орынды, 23 оқушымыз 2-орынды иеленді, ал қалалық деңгейдегі жарыстардан 46 оқушымыз 1-орын, 23 оқушымыз 2-орын алып қуанып жатқан жағдайымыз бар,-  дейді мекеме басшысы Данияр Егізбаев.
Оқушылар мен қызметкерлердің ғимаратта болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматты өрт дабылы орнатылған. Сондай-ақ, терроризмге қарсы қорғалу талаптарына сәйкес 1 стационарлық және 37 мобильді дабыл түймелері, 4 турникет, 60 бейнебақылау (оның 19 сыртқы, 41 ішкі) қойылып, күндізгі түнгі күзет ұйымдастырылған.
№2 оқушылар сарайында жалпы 157 адам қызмет көрсетеді. Оның ішінде 85 штат негізгі пәндер бойынша педагогтар. Сапалық құрам бойынша
1 жоғары санатты әдіскер, 2 сарапшы, 1 модератор, 1 педагог-зерттеуші, 4 жоғары санатты, 5 спорт шебері балалармен жұмыс жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *