ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТКЕН ДЕПОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам шағынауданында салынып жатқан және әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы біткен деполардың жұмысымен танысты.

Әкімшілік-іскерлік орталықтағы нысан заманауи құрылғылармен және халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Бүгінде құрылысы толығымен аяқталып отыр. 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депода қызметкерлердің нәтижелі жұмыс істеуіне әрі тынығып, демалулары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Сыртқы аумақта кәсіби дағдыларын машықтандыруға арналған оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңдары да бар.

Ал Сайрамдағы депо жұмысы 30 пайызға орындалды. Мұнда да қойма, оқу жаттығу мұнарасы, жүгіру жолағы, автотұрақ қарастырылған. Озық үлгіде жабдықталатын ғимаратта өрт сөндіру көлік үй-жайлары, әкімшілік кабинеттер орналасады. Нысан құрылысы келесі жылға өтпелі.

Қала әкімі ғимараттарды аралау барысында жауапты басқарма басшыларына әрбір жұмыстың сапалы атқарылуын және мерзімінде аяқталуын нықтап тапсырды. Жаңа депо өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға және материалдық залал мен адам шығынын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 10 өрт сөндіру депосы бар (6 типтік депо ғимараты, 4 бейімделген), төменгі 3 өрт сөндіру депосы жалға алынған. Қосымша 12 өрт сөндіру депосы қажет. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 5 өрт сөндіру депосы мен жедел-құтқару жасағының 1 ғимаратын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта әрбір депо бойынша жұмыс жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *