ЕКПЕ ЕМ БЕ?

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы Тұрымбетова қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпартпен бөлісті.

Айгүл Мелесқызының сөзіне сенсек, ағымдағы жылдың басынан берігі аралықта Шымкент қаласында қызылшаның 4795 жағдайы тіркеліп, 2026 жағдайда аталған диагноз расталған. «Көрші мемлекеттерде қызылша ауруының өршуіне байланысты елімізде де  қызылша ауруы жиі тіркелуде»,- дейді Айгүл Тұрымбетова.

«2023 жылы бірқатар көрші елдерде атап айтқанда: Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Еуропа аймағының 17 елінде қызылша ауруының өршуімен байланысты Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылша ауруы тіркелуде»,— деді спикер.

Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 4022 жағдайды құрады. Бір қызығы ауырған балалардың ішінде 90,2% вакцина қабылдамаған, оның ішінде 15,98% бала егу жасына жетпеген болса, медициналық шегерімі бар балалар 3,85%, діни көзқарасына қарай егілмеген 32,0%, жеке наным сеніміне қарай 10,4%, вакцинаға деген сенімсіздік салдарынан егілмегендер саны 5,5% болса, 22,2% жағдайда баланың егулері туралы мәліметі белгісіз болған. Сонымен қатар, 12,9% бала қызылшаға қарсы 1 және 2 реттік егулерін алған.

«Қызылша- парамиксовирустармен қоздырылытын, ауа-тамшылы механизімі арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен,қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральді синдроммен, макулопапулезді бөртпемен, және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел, жоғары контагиозды жұқпалы ауру.Қызылшаның болжамды жағдайларында безгек, жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы, конъюнктивит, Бельский-Филатов-Коплика дақтары, кезеңмен пайда болатын дақты –папуллезды бөртпелер пайда болады», — деді Шымкент қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 238 пациент стационарлық ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты көрінеді.  2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға күдіктенудің 4795 жағдайы тіркеліп, оның 2026 жағдайда диагноз расталды. Науқастардың ішінде балалар 84% құрайды, олардың 90%-дан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған екен. Қатарда діни себептермен екпеден  бас тартқандар да бар,- дейді мамандар.

Біз сандардық сөйлеттік. Екпе ем бе?  Қалғанын  халық еншісіне қалдырдық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *