ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ УЛЫ ГАЗДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕТТІ

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен, №6, 9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабының және Нұрсат мөлтек ауданың тұрғындарына жылыту маусымында уланудың алдын алу мақсатында «Улы газдан улануды алдын алу» және «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынама парақтары таратылды.  

Абай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы да аудан әкімшілік аппаратымен бірлесіп Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындарына улы газдан уланудың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

— Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерімен Ынтымақ -2 шағынауданын аралап, тұрғындарға түсіндірмелік жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Оларға жаднамалар таратып, улы газ шыққан кезде не істеу керектігін түсіндірдікГаз иісі мен түсінің болмайтынына және тез таралатындығына байланысты өте қауіпті. Улы газды сумен немесе басқа да заттармен басуға мүмкіндік жоқ. Газбен улану көбінесе түнгі уақытта болады. Ұйықтап жатқан адамға пеші бықсыған бөлмеде бірнеше минут болудың арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Газбен уланудың жиі орын алатын түрі иіс тию деп аталады. Әдетте, бұл пешті қолдану қағидаларын бұзу салдарынан немесе өрт кезінде болады. Газбен улану жағдайы көлікті гаражда қыздыру немесе жөндеу кезінде де орын алып жатады. Қала тұрғындарын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен, жанып жатқан отын бықсуынан, түтіндеуінен адамдарға иіс тиюі ықтимал екендігін ескертіп, сақтық шараларын сақтауға шақырамын,-дейді Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілі Эльмира Кушидова.

Үгіт-насихат жұмыстарына Қалалық орта сапасын бақылау басқармасының Газ техникалық инспекциясы, аудан әкімдігі, «КазТрнсГаз» АҚ Шымкент филиалы және Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамы қатысты.

Іс-шара барысында арнайы жадынамалар таратылып, ақаулықтар болған үйлерге қатаң ескерту жасалып, тиісті мекемелерге тапсырма берілді. Үгіт-насихат жұмыстарымен жалпы саны 14 көше, 285 үй, 897 тұрғын қамтылды.

Сонымен бірге тұрғындарға “Су басу жане жер сілкінісі “ бойынша жаднама парақтары таратылып, негізгі іс-қимылдар ережелері түсіндіріліді.

Қосымша әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың үйлеріне газ анықтауыш қондырғылары орнатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *