БОЗАРЫҚ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бозарық елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағына электр қуаты, ауыз су, табиғи газ жүйелерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге аталған нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 
Жоба бойынша құрылыс жұмыстары  3 кезеңге бөлінген. Қазір 1-кезең бойынша ауыз су мен электр, табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2-кезеңдегі ауыз су, табиғи газ жүйесі мен 3-кезеңнің газ, электр желілерінің құрылысы қатар атқарылуда.  Жоспар бойынша жалпы инфрақұрылым жүйесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 3,5 мыңнан астам абонент ауыз су, табиғи газ, электр жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *