ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА ОҢАЛЫП КЕЛЕДІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Химфарм» акционерлік қоғамында болды,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Химфарм» акционерлік қоғамы –  еліміздегі жетекші фармацевтикалық кәсіпорын. Іргетасы 1882 жылы қаланған зауыт халықаралық дәрежедегі SANTO сауда белгісімен дайын дәрілік препараттарды шығарады. Өткен жылдың 11 айында өнім көлемі 41,2 млрд теңгеге жетті. Яғни, компанияның фармацевтика саласындағы үлесі мегаполисте 98,3%, ал республикада 31,5%-ды құрады. Қазіргі таңда өнімнің 200 түрін шығаратын кәсіпорында 900-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

Химия-фармацевтикалық зауытының жер аумағы 17 гектарды алып жатыр. Кәсіпорын 2011 жылы «Polpharma» еуропалық фармацевтикалық тобына еніп, заманауи үлгідегі өндірісті-стратегиялық жобаларды кезең-кезеңімен жүргізіп келеді. «Polpharma» халықаралық тобы әлемдегі ең ірі жиырма компанияның қатарына кіреді, 230 өнім өндіреді. Терапияның әртүрлі саласындағы барлық фармакологиялық топта 750-ден астам препараты бар.

Зауыттың тыныс-тіршілігімен танысқан қала әкімі оң бағасын беріп, өндірістік желілерді дамыта түсуді жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *