Жауын жауғаннан кейін далаға шықсаңыз мұрыныңыз таза иісті сезеді. Біз оны жауынның иісі деп атап кеткенбіз. Алайда, ол озонның иісі. Озон дегеніміз көзге көрінбейтін көгілдір түсті газ. Ол аспанның түсімен бірдей болғандықтан көзге көрінуі де мүмкін емес.
Алайда, озонның жер ғаламшары үшін, ондағы тірі органзим үшін алар орыны ерекше. Себебі, озон қабаты бізді аспаннан келетін түрлі метеориттер мен астеройдтардан, күннің аса қауіпті үльтракүлгін сәулелерінен қорғайды. Ол қатты температураны да өткізбей ұстайды. Егер, озон қабаты болмаса жер бетінде айдағыдай таңғажуық — 200 градус аяз болатын еді.
Айлы түні аспанға қарасаңыз жұлдыз аққандай болып, бір аспан денесі ағып түседі. Оны халық арасында аққан жұлдыз деп атайды. Жұлдыз ақты деп те жатады. Алайда, ол жұлдыз емес. Жұлдыз ағатындай бізге жақын тұрған жоқ. Ол миллиардтаған шақырымда болуы мүмкін. Ендеше, бізге аққан жұлдыз болып көрінетін озон қабатына келіп соғысып, 2000- градус температураға шыдай алмай жан-жаққа шашылып кететін метеориттер мен астеройдтар екен.
1985 жылы ғалымдар Антарктида үстінен ұзындығы 1000- шақырым болатындай озон қабатының тесігін тапты. Бұл жер үшін аса қауіпті еді. Алайда, бүгінгі таңда бұл тесіктің біртіндеп бітеліп келе жатқандығы белгілі болып отыр…
Айбол Қарашев