Бұл апта «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де арнайы тренинг өтті. Оған Түркістан облысының 17 ауданы әкімінің орынбасарлары мен су арналарының өкілдері қатысты,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Бүгінгі таңда су ресурстарын тиімді басқару мемлекеттің негізгі міндеттердің біріне айналуда. Оны орындау үшін технологиялар, инфрақұрылым және жабдықтар, білікті және тәжірибелі мамандар болуы керек.
—Қазіргі уақытта бізде ауылдық елдімекендерге келетін болсақ, 97,3 % ауызсумен қамтылып отыр. Осы жылдың қортындысымен 98 %, ал 2025 жылдың қортындысымен 100%-ға жеткізуіміз керек. Осы уақытта бізде енді шешілетін бірқатар мәселелер бар,-дейді Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық басқарма басшысы Руслан Мұздыбеков.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де жаңа цифрлық технологияларды, озық жабдықтарды қолдануда, биллингтік және геоақпараттық жүйелерді қолдануда үлкен тәжірибе жинақталды. Инновациялардың арқасында көптеген көрсеткіштер бойынша энергетикалық және еңбек шығындары төмендеді, нақты экономикалық нәтиже қол жеткізді. Кәсіпорын мамандары осының бәрін және тағы басқаларын қонақтарға айтып берді.
—Халықты сапалы және үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін біз ережелер жинағын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттерді пайдаланамыз, сумен жабдықтау және су бұру саласы реттелетін нормативтік-құқықтық құжаттарды қатаң сақтаймыз,- деп атап өтті «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.
Облыс аудандарындағы сумен жабдықтау және су бұру жағдайы әрдайым қолайлы бола бермейді. Инфрақұрылым тозған және жаңартуды қажет етеді. Өндірісте озық технологиялар қолданылмайды, заманауи үнемді, энергияны қажет етпейтін жабдықтар пайдаланылмайды. Нәтижесінде үлкен проблемаға тап болуда.
Сапар соңында қонақтар кәріз-тазарту құрылыстары кешенінің жұмысымен танысты. Оларға Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің кредиттері, поляк әріптестері тарапынан бас бақылау, биогаз орнату және биотехнологияларды енгізу арқасында жүргізілген шайынды суды тазарту станциясы туралы егжей-тегжейлі айтылды. Қонақтар тазартылған ағынды судың иісі мен тазалығына көз жеткізе алды. Айтпақшы, қонақтарға барлық маңызды бағыттар бойынша оқытуға болатын «Smart маман» оқу орталығы таныстырылды.