АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ӘРҚАШАН ӨЗЕКТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың алқа мәжілісін өткізді. Жиында  ауыз су мәселесі сөз болды. Жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысы 2025 жылы өңіріміздегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту міндетін жүктеді. Ауыз су – ең маңызды және бірінші мәселе. Жауапкершілікпен қараңыздар. Жерасты су көздерін геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Екіншіден, нысанды салу тапсырысын жеңіп алған мердігерлер мен кәсіпкерлердің жұмысын қадағалаңыздар. Әрбір су нысаны сапалы әрі уақтылы тапсырлуы тиіс. Аузы сумен қамту бойынша жаңа тәсілдер, ізденістер, зерттеулер қажет. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері осы міндеттерді орындасын. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту – басты міндет, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың сөзіне сенсек,  70 елді мекенді ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы 61 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 14,1 млрд. теңге бөлінген.  Соның ішінде, биыл 35 нысан аяқталады, қалған 26 нысан 2025 жылға өтпелі көрінеді.  Нәтижесінде 12 елді мекен (Сарыағаш – 2, Отырар – 1, Төлеби –1, Келес – 4, Созақ –4) ауыз сумен қамтылады, 12 елді мекеннің (Бәйдібек –1, Арыс –1, Сарыағаш – 1, Төлеби – 3, Жетісай – 2, Мақтаарал – 2, Түлкібас –1, Шардара –1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.

2024 жылдың қорытындысымен, 829 елді мекеннің 768-ін (7 қала, 761 ауылдық елді мекен) немесе 92,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Яғни, 29 елді мекенде ауыз су мәселесі шешіледі. Облыс елді мекендерін 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *