ЫСТЫҚ СУ МӘСЕЛЕСІ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен қатар ол ондаған жылдар бойы қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан ауыз су мәселесі әлі шешім таппағанын айтқан еді. 

«Сондықтан өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Тоқаев.

Шымкенттегі Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Отырар және 18 шағынаудан тұрғындары 2 мамырдан бастап, жазғы уақытта ыстық су пайдаланатын болды. 238 үй бар аталған шағынауданда 2015 жылдан қанша айтылса да ыстық су мәселесі шешімін таппай келе жатқан болатын. Биыл да тұрғындар қала әкімінің қабылдауында да осы мәселені шешіп беруді өтінген еді. Әкім өз кезегінде мәселені оңтайлы шешуге уәде берді.

Нәтижесінде, мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша осы тұрғын үйлерді жыл бойына ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ҚР-3 жергілікті қазандығы мен құбыр байламы жаңғыртылды.

Енді Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Отырар және 18 шағынаудан тұрғындары ыстық суға қол жеткізіп, қуанысуда.

Айта кетейік 2024 жылы қаламызда 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде. 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *