ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ТӨРТІНШІ АПТАЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТІП ЖАТЫР

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші «Өнегелі ұрпақ» апталығы Қазығұрт ауданында қарқынды жүріп жатыр. Қақпақ ауылдық округінің ерікті жастары тыл ардагері Бисебай Ағабековтың үйіне арнайы барды. Онда үй ауласындағы арық-атыздарды тазалап, ағаштардың түбін қопсытты. Сондай-ақ, аула аумағын қоқыстан тазартты. Ардагер ақсақал жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Ал Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы экоакцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қайырымдылық әрі тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі іске белсене кіріскен азаматтар Ақсу ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Нина әжейдің үйіне барып, ауласындағы қураған ағаштарды бұтап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясындағы жұмыстар алдағы күндері қарқын алатын болады.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Сауран ауданындағы зейнеткерлер мен жалғызбасты қариялардың үйінде тазалық шаралары өтті.  Осы ретте аудандағы Ынталы елді мекенінде тұратын зейнеткер ұстаз Хадиша Тажібаеваның үйінде сенбілік өтті. Одан бөлек, Қарашық ауылының тұрғыны жалғызбасты қарт Флюра Нигаманованың ауласын тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық әкімдік мамандары үй қасбетін әктеп, ауланы қоқыстан тазартты. Игі іске бастамашыл болып келгендерге қариялар ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Сауран ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясындағы жұмыстар алдағы күндері өз жалғасатын табатын болады.

Еске сала кетсек, еліміз бойынша экоакция аясында 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *