Ғ.СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛАДА ТЕК ТАЗАЛЫҚТЫ ҒАНА ЕМЕС, ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ДЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай  қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Bozyq.kz.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәжілісте білім беру нысандарын заман талабына сай жабдықтауға баса назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ Ғабит Әбдімәжитұлы бұл жобаны жүзеге асыруға мүмкіндігінше жергілікті тауар өндірушілерді тарту маңызды екенін атап өтті. Бұдан бөлек, барлық мектеп ғимараттары мен жиһаздары жайлы, қауіпсіз және оқушылардың білім алу қажеттілігіне сай болуы керек. Қала әкімі бос орындарға конкурс өткізу кезінде білікті кадрларды тартуға баса назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, жиында қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек баяндама жасады.  «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында жыл соңына дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін мәлімдеді.

Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  аясында Қошқар ата өзенінің жағалауы, балалар темір жолы, магистральдық көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, абаттандырылып жатыр. Апта сайын әр ауданда сенбілік өткізіліп, тазалыққа қала тұрғындары, еріктілер мен белсенділер атсалысуда.

Сондай-ақ, биыл бес аудандағы 20 көше көгалдандырылып, абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Жалпы ауданы 376 мың шаршы метр көшелерді көгалдандыру жоспарлануда. Оның ішінде 7 мың қылқан жапырақты, 40 мың жапырақты ағаш отырғызылады. 46 ұңғыма бұрғыланып, автоматты суару жүйесі орнатылады деп жоспарланып отыр.

Жиын соңында қала басшысы Ғабит Сыздықбеков  аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.  Қалада тек тазалықты ғана емес, қоғамдық тәртіпті де сақтау маңызды екенін атап өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *