ШЫМКЕНТТЕГІ «ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ» ЖҰМЫСЫ РЕСПУБЛИКАҒА ТӘЖІРИБЕ РЕТІНДЕ ТАРАТЫЛУДА

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалар жанына ашылған «Үздік тәжірибелік орталықтардың» жұмысы республикадағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратылуда.
Бүгін Маңғыстау және Ұлытау облысынан келген арнайы делегация қалалық №1, №6 емхананың үздік тәжірибесімен танысты. Құрамында денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, бөлім басшылары, әлеуметтік қызметкерлер, психологтардан құралған 30-ға жуық маман шымкенттік дәрігерлермен тәжірибе алмасты.

Маңғыстау облысында емханалар жанынан 3 үздік тәжірибелік орталық ашу жоспарланған, деп атап өтті делегацияны бастап келген Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасар.
Шымкент қаласындағы Үздік тәжірибелік орталық жұмыстары өте белсенді жүруде және ол өзінің оңды нәтижесін көрсетуде. Сондықтан шымкенттік дәрігерлердің озық үлгімен танысып, тәжірибе алмасу арқылы медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделін өзімізге енгізуді мақсат етіп отырмыз. №6 емханада бұл жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткіздік. Халыққа көрсететін медициналық қызмет инновациялық-технологияларымен ерекшеленеді. Халықты есіктен кіре берістен қабылдауынан бастап, алдымен қажеттілігін анықтайды, пациентермен сөйлескенде көзқарасы, сенімін арттырғанын байқадық. Бұл – өте маңызды. Өйткені, қазір халықтың талабы өзгеріп жатыр, — дейді Бекболат Оразбайұлы.

Делегация мүшелері емханада өзі¬не-өзі қызмет көрсету бұрышы, халық кеңесі, тренинг орталықтары, патронаждық қыз¬меттің әмбебап-прогрессивті модель бөлмесі, денсаулық мек¬тептерінің жұмыстарымен толық танысып шықты.

Үздік тәжірибелік орталықтың ерекшелігі – әлеуметтік қызмет пен медициналық қызмет біріктірілген. Екі қызметті біріктіру арқылы бір топта мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог мамандардан құралған мультидициплинарлық команда жұмыс жасайды. Емханаға тіркелген 61 500 тұрғын бар, яғни олар 12 300 отбасыны құрап отыр. 6 мыңға жуығы әлеуметтік осал топтағылар. Оларды бірінші отбасылық дәрігер бақылауында ұстайды, дәрігерде 3 мейіргер бар. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар әлеуметтік осал топтағы әр отбасымен жеке жұмыс жасайды.

Атап өтсек, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1, №3, №6,№7 емхана жанына Үздік тәжірибелік орталық ашылған. Соның ішінде жаңа модель алғаш болып №6 емханаға енгізілген. Үздік практика негізінде 141 маман біліктілігін арттырған. Бүгінде емханада «Емхана науқастардың көзімен», «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Мейігерлердің жеке қабылдауы» секілді дәрігерлер 11 жаңа жобамен жұмыс істеуде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *